» » Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды

Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды



Допинг дауына байланысты жаза уақыты аяқталып, спортқа қайта оралған Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында топ жарды. Қазақстандық спортшы жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынады.

 Осыған дейін 53 кг-ға дейінгі салмақта жарыстарға қатысып келсе, жаңа ережеге сәйкес 55 кг-ға дейінгі салмақта жарысқа қатысатын болады. Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып саналатын ел біріншілігінде Зульфия Чиншанлоға тең келер қарсылас табылмады. 

Сәуле Сәдуақасованың нәтижесі ғана жуықтаған. Бірақ ол 59 кг-ға дейінгі салмақта жарыс жолына шықты. 

Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 85 кг-нан бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 кг-ды көтерді. Үшінші рет шыққанда 90 кг спортшының ырқына бағынбады. Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 кг-ға тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады.

  Нәтижесінде 202 кг (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді. Екінші орын алған Ақмарал Үргембаева (58+76) Зульфиядан 68 кг-ға қалып қойды. Үшінші орынды Камила Острикова (58+75) иеленді. Айта кетейік, Зульфия Чиншанлоның спорттық жарыстарға қатыспау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын. Ел чемпионаты - допинг дауынан кейінгі алғашқы жарысы. Спортшы Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.

massaget.kz

29 тамыз 2018 ж. 751 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930