» » Германияда тұратын қазақ қызы кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Германияда тұратын қазақ қызы кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

ФоÑо: azattyq.org/ Ðеке мұÑаÒаÑÑан

Германияда тұратын Ясмин Қарабазар есімді ару кикбоксинг пен муайтайдан Еуропа және Германия чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көрінді. Бойжеткен биыл Киевте өткен әлем біріншілігінде де чемпион атанған деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

Мюнхен қаласында өмір сүретін бойжеткен спортқа 14 жасында келгенін айтады. Ол 2017 жылы муайтайдан Еуропа чемпонатында жеңіске жеткен екен.
Сол сайыста Ясминге Қазақстан туын алып шығуға рұқсат беріліпті.
Ару спортпен бірге жұмыс та істеп үлгереді. Ол Мюнхендегі балабақшалардың бірінде тәрбиеші, кикбоксингтен жасөспірімдерді жаттықтырушы қызметтерін атқаруда.

ФоÑо: azattyq.org/ Ðеке мұÑаÒаÑÑан

Германияда қазақ жастарының спортқа қызығушылығы төмен екенін айтқан ол отанына келгісі келетінін жасырмады.

"Болашақта Қазақстанға барсам деп те армандаймын. Туыстарымның көбі Алматы жақта тұрады. Қазақстанда өтетін спорт жарыстарына қатысып көрмедім. Жақында Германиядағы Қазақстан елшілігіне барып, жарысқа қатысқым келетінін айттым. Олар "Қазақстанға хат жібердік" деді. Қазір Қазақстаннан шақырту күтіп жүрмін", - деді ару.

ФоÑо: azattyq.org/ Ðеке мұÑаÒаÑÑан

Ясминнің анасы Айша Қарабазардың айтуынша, олардың аталары Қызылорададан болған. Ал жанұяның Германияға қоныс аударғанына 40 жылдан асып барады екен.

"Қыз баласың ғой. Саған спорт қол емес, оқы" дедік. Бірақ "спортшы боламын" деп күш бермеді. Өзі тұрып, өзі жығылып, аяғында спортшы болды. Оқуын да жақсы оқыды. Жұмысын да істеп жүр. Ендігі бір арманы - Қазақстанға барып қайту", - деді Ясминнің анасы.


https://kaz.nur.kz


12 қыркүйек 2018 ж. 609 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930