» » «Канело» әлем чемпионы атағынан айырылды

«Канело» әлем чемпионы атағынан айырылды

СаÑÐ»Ñ ÐлÑваÑеÑ

Мексикалық боксшы Сауль Альварес 16 қыркүйекте өткен қарымта кездесуде жеңіске жетіп, қазақстандық Геннадий Головкиннің WBC, WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағын иеленген еді. Алайда ол белбеулерінің бірінен айырылып қалды.

Бұл туралы Vesti.kz порталына сілтеме  жасап Stan.kz хабарлайды.
Сауль Альварес Халықаралық бокс ұйымының (IBO) белбеуіне ие бола алмады. Жекпе-жектен кейін анықталғандай, «Канело» Головкинмен реванш алдында IBO ұйымына санкциялық жарна төлеуге келісім бермеген. Өз кезегінде бұл аталған ұйымның чемпиондық белбеуі бос екенін аңғартады.
Геннадий Головкин 2011 жылдың желтоқсан айында америкалық боксшы Лахуан Саймонды нокаутқа жіберіп, IBO нұсқасы бойынша чемпион атанған еді. Мұнан кейін қазақстандық боксшы аталған белбеуді қорғау үшін 17 рет айқасқа түсіп, барлығында жеңіске жеткен.


Stan.kz




19 қыркүйек 2018 ж. 2 064 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 071

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031