» » Осының бәрі отандастарымның қолдауы: Головкин Алматыда өткен кездесуде не айтты

Осының бәрі отандастарымның қолдауы: Головкин Алматыда өткен кездесуде не айтты

Осының бәрі отандастарымның қолдауы: Головкин Алматыда өткен кездесуде не айттыӘлемге әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Алматыдағы үлкен аудитория алдында табысқа жетудің құпиясымен бөлісті. Танымал боксшы Syneq Business форумында сөз сөйлеп, қошеметке бөленді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Мен қарапайым адаммын – менің де бәрімізді секілді екі қолым мен екі аяғымыз бар», – деп жауап берді Головкин өзің қарапайым емес дегендерге.
Алматыда кездесу өткізген GGG кез-келген адамға табысқа жетуге көмектесетін қасиеттерді атап өтті.
«Бұл осындай спорт және бизнес, шоу-бизнес деген осы. Жетістікке жету үшін қандай қасиеттерге ие болу керек? Ол сөзсіз мақсатқа талпынушылық, еңбекке қабілеттілік және алға қойған мақсатыңнан ауытқымай соған жету болып табылады. Ал, ұзақ уақыт бойы чемпион болу үшін өте мықты, тығыз достық командаң болу қажет. Және менің ойымша, саған чампион болу үшін бәрінде кепілдік берілген», – деді Головкин ду қол шапалақтаған отандастарына.
Боксшы сондай-ақ, не себептен сұхбат бермейтінін және не үшін боксқа қатысы жоқ үлкен жиналысты ұнатпағанын айтты.
«Отандастарыма ризашылығымды білдіремін, осының бәрі менің отандастарымның қолдауы. Мен өзімді жарнамаламаймын, тек бар тәжірибеммен ғана бөлісемін. Көп уақытымды өз жұмысыма, спортқа, жаттығуларға жұмсаймын. Мен бос уақытымды бағалаймын. Сол кезде отбасыммен көбірек уақыт өткіземін, өзімді отбасыма толығымен беремін. Бүгін үйге бармадым, әйтпесе өз отбасыммен бірге болар едім », – деді Геннадий Головкин.
Сонымен қатар, ол үлкен нәрсе жасауға тырысатын, бірақ оны жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ деп есептейтін адамдарға бірқатар кеңес берді.
«Қазір мықтылардың, ержүрек батылдардың уақыты. Талпыныңдар! Шын мәнінде, мүмкін емес нәрсе жоқ. Мен Қарағандыдан шыққан ең қарапайым жігітпін. Және кейбір нәтижелерге қол жеткізгендіктен, мүмкін емес ештеңе жоқ деп түсінемін», – деді боксшы.
Кездесу соңында Головкин өзінің кәсіби қызметіңе қарамастан спортпен шұғылдануға кеңес берді.
07 қазан 2018 ж. 752 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30