» » Хабиб Нурмогамедов өзіне тиесілі сыйақысын ала алмауы мүмкін

Хабиб Нурмогамедов өзіне тиесілі сыйақысын ала алмауы мүмкін

UFC 229 турнирінде бүгін 27-ші жеңісіне жеткен ресейлік Хабиб Нурмогамедов сыйақысын ала алмауы ықтимал. Бұған дағыстандықтың айқастан кейін Конор Макгрегордың достарына тап беруі себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Макгрегорға тиесілі сыйақының берілетіні мақұлданды. Орын алған оқиға тергеліп біткенше Нурмогамедовтың сыйақысы берілмейді», - деді UFC президенті Дэйн Уайт айқас аяқталғаннан кейін. Еске сала кетсек, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena-да» аралас жекпе-жектің (MMA) тарихындағы ең айтулы айқастардың бірі, UFC 229 турнирінің ақтық сайысы - ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың айқасы аяқталған болатын. Жекпе-жекте ресейлік ирландиялықты қылқындыру әдісімен жеңді.
08 қазан 2018 ж. 1 034 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31