Рейтинг бойынша Головкин Канелодан жоғары тұр
Рейтинг бойынша Головкин Канелодан жоғары тұр
Sky Sports британдық телеарнасы 160 фунтта өзінің көрермендеріне ең жақсы боксшыны анықтауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды "Жалағаш жаршысы "Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұл рейтинг бойынша қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) бірінші орынға шықты. Қыркүйек айында ол қарсыласы Саул Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBA әлем чемпионы атағын жоғалтқанына қарамастан, телекөрермендер оған көп дауыс берген. Генаға көрермендердің 11,8 мыңнан астамы қолдау білдірсе, 3,3 мың адам қарсы дауыс берген.
Бұл рейтинг бойынша «Канело» екінші орынға жайғасты. (+8,1 мың, -4,6 мың). Сондай-ақ, тізімде Дэниел Джейкобс (34-2, 29 КО), Билл Джо Сондерс (26-0, 12 КО), Деметриус Андраде (26-0, 16 КО) және Джималле Шарло (27-0, 21 КО) да бар.
Пікір 1