» » Джейкобс Головкинмен тағы да жұдырықтасқысы келеді

Джейкобс Головкинмен тағы да жұдырықтасқысы келеді

ÐÐ¶ÐµÐ¹ÐºÐ¾Ð±Ñ Ðоловкинмен ÑаÒÑ Ð´Ð° жұдÑÑÑÒÑаÑÒÑÑÑ ÐºÐµÐ»ÐµÐ´Ñ
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) болатын реванш жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Головкинге айтарың бар ма деймісіз? Жоқ, менің Геннадийге айтар уәжім жоқ. Ол тамаша жігіт, маған ұнайды. Мен - чемпионмын, сондықтан тағы да қайтадан жекпе-жекке шыға аламыз. Мен таяу уақытта сол айқастың болғанын қалаймын. Үздіктермен, чемпиондармен жұдырықтаса алмасам, онда соған үміткерлермен айқасуыма болады ғой», - деді Джейкобс. Еске сала кетейік, Головкин мен Джейкобс өткен жылдың наурызында Нью-Йоркте жекпе-жеке шыққан болатын. Кездесу қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Дегенмен, көптеген сарапшылар мен жанкүйерлердің пікірінше, бұл - Головкиннің мансабындағы ерекше айқастардың бірі. Өйткені, оның қарсыласы Геннадийдің әлсіз тұстарын тауып, «құбыжық» кейпінің быт-шытын шығарды.  
inform.kz  
17 желтоқсан 2018 ж. 435 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930