"Нағыз аңдар": Хабиб Головкин мен "Канело" туралы өз ойын ашық айтты
UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Спортшы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес туралы да өз ойын айтты деп хабарлайды AllBoxing.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Мен олардың қанша қалғанын білмеймін. Сент-Пьер, Фергюссон және Мейвезер. Осы үш жігіт. Содан кейін мансабымды аяқтап, тарихтағы ұлы спортшы атансам болады", - деді ресейлік спортшы.
"Бокстағы жас арыстандардың бәсекелестігі туралы айтар болсам, маған қиын. Ал "Канело" немесе Геннедий Головкин туралы сөз етсем, олардың екеуі де - нағыз "аңдар",- деді ол.
"Мейвезердің жасы келді. Нақты айтқанда, жасы 41-42-де. Бірақ, ол өте атақты. Сондықтан, біз үлкен олжаға кенелуіміз мүмкін.
Айта кетейік, Головкин мен Нұрмағамедов алғаш рет 2018 жылдың шілде айында Мәскеуде кездескен.
Ресейлік спортшы қазақстандық боксшыны үздікке балап, онымен кездесуге асыққанын айтты.
2019 жылы Нұрмағамедов Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.
NUR.KZ.