» » Қызылордалық жеңіл атлеттер әлем чемпионатына барады

Қызылордалық жеңіл атлеттер әлем чемпионатына барады



Қызылордалық 6 спортшы мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайтын болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыр саңлақтары бұл мүмкіндікке Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан лицензиялық халықаралық турнир барысында қол жеткізді. Әлем чемпионаты биыл қараша айында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. 
Жеңіл атлетикадан лицензиялық халықаралық турнирде Қолғанат Бақберген ұзындыққа секіруден, Ислам Сәлімов 100 және 200 метрлік қашықтыққа жүгіруден, Еламан Жоламан найза лақтырудан күміс жүлде алды. Сондай-ақ, Бағдат Елібаев 800 метрлік қашықтыққа жүгіруде мәре сызығын екінші болып қиып, жарыс барысында рекорд жаңартты. Ол 400 метрлік қашықтыққа жүгіруде қола жүлдегер атанды.
Қызылордалық спортшылар 22-27 ақпанда аталмыш мемлекеттің Дубай қаласында болатын тағы бір турнирде бақ сынайды.


https://syrboyi.kz
24 ақпан 2019 ж. 633 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930