» » Дмитрий Баландин Словенияда төртінші алтын медаль жеңіп алды

Дмитрий Баландин Словенияда төртінші алтын медаль жеңіп алды



Словенияда жүзуден әлем чемпионатына және Олимпиада ойындарына іріктеу сайысы саналатын халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық  Дмитрий Баландин төртінші «алтынына» қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуден топ жарды. Сондай-ақ, Диана Назарова 50 метрге, Анастасия Резванцева 200 метрге шалқалап жүзуден турнирдің алтын медаліне қол жеткізді.  Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен, Аделина Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден екінші орын иеленгенін айта кеткен жөн.  Ерлер арасындағы кешенді эстафетада Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Дмитрий Баландин мен Александр Варакин төрттігі чемпион атанса, қыздар командасы дәл осы бағдарламада күмістен алқа тақты.  Еске сала кетейік, алғашқы жарыс күнінде қазақстандық жүзгіштер 11 медаль жеңіп алды. 




https://syrboyi.kz
11 наурыз 2019 ж. 496 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30