» » Илья Ильин Азия чемпионатында медальсіз қалды

Илья Ильин Азия чемпионатында медальсіз қалды

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Азия чемпионатында медальсіз қалды. 

ÐлÑÑ ÐлÑин ÐÐ·Ð¸Ñ ÑемпионаÑÑнда медалÑÑÑз ÒалдÑ

Илья жарысқа  96 келі салмақта шықты. Екі айналымда жалпы 345 салмақты (160+185) көтерді, деп жазады Vesti.kz-ке сілтеп Stan.kz.

Спортшы тек бесінші орынға шыға алды. Бұған дейін Азия чемпионатында үш қазақстандық ауыр атлет жарысқа шыққан. Арли Чонтей мен Денис Уланов 55 және 81 келі салмақта қола жүлдені еншіледі. Ал, Фархад Харки 67 салмақта ондыққа кірді. Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов турнирден алынып тасталды.

Әйелдер арасында ешкімде медаль жоқ. Зульфия Чиншанло төртінші орын алып тоқтады. Карина Горичева бесінші орында. 

"Мен үнемі жеңіп жүргенімді білем. Бірақ маған қазір Олимпиадаға қатысуды ойлау керек. Сондықтан Азия чемпионатына жай ғана қатысып, ұпай жинасам болды. Өз жолымды жапқым келмейді, бірақ Токиодағы олимпиадаға жолдама керек. Сол себепті бұл жарыста жеңісті көздеп тұрған жоқпын", - дейді Илья. 

26 сәуір 2019 ж. 681 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930