Головкин Forbes бойынша ең қымбат спортшылар қатарына кірді

Бірінші орында - "Барселона" футбол клубының жұлдызы Лионель Месси. Аргентиналық аяқдопшы 2019 жылы 127 млн доллар табыс тапқан.
Одан кейін екінші орынды әйгілі Криштиану Роналду иеленді. Осы жылы ол байлығын 109 млн долларға өсірген.
Үздік үштікті "ПСЖ" ойыншысы Неймар жабады. Бразилиялық шабуылшы осы жалдық көрсеткіштеріне сәйкес, 105 млн доллар табысқа қол жеткізді.
Футболшылардан кейін, төртінші орынға отандасымыздың бұрынғы қарсыласы Сауль Альварес орналасқан. Ол 2019 жылы 94 млн доллар табысқа кенелді.
Стив Роллсты жеңгеннен кейін қазақстандық былғары қолғап шебері "Канеломен" реванш өткізуге дайын екенін хабарлаған болатын.