» » ШЫНАЙЫ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ДАРА СИПАТЫ

ШЫНАЙЫ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ДАРА СИПАТЫ


Бірде әлеуметтік желіде тойханада болған жағдайға куә болдым. Асаба жігіт би жарысында өнер көрсеткен бастауыш­ сынып оқушысына қонақтардың жинап берген қаржысын табыс­тайды. Сонда (әрі кетсе 1 не 2 сынып оқушысы болу керек) қарындасымызға ақшаны беріп жатып «Мұның бәрін не істейсің» деп сауал тастайды. Кейіпкеріміз «кредит төлейміз» деп жұртты күлкіге қарық қылды. Шын түсіне білгенге бұл күлетін жағдай емес. Біз бұдан отбасындағы әлеуметтік жағдай баланың да басты проблемасына айналғанын көріп отырмыз. Осыдан-ақ «Қазір несиенің не екенін бесіктегі балаға дейін біледі» деген жаттанды сөзде жан барын аңғаруға болады. Бұған дейін дүйім жұрттың жеке мәселесіне қатысты қарызына мемлекет кіріспеген еді.
Жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 500 мыңға жуық қазақстандықтың қарызы кешірілетінін айтып, халықты бір қуантып тастады.
Бұл қолдау елдегі мойнында несиесі бар борышкердің бәріне бірдей берілмейді. Ондай масылдық көзқарастан жұртым да ада. Тек тұрмысы төмен отбасылар қол жеткізсе, оның өзі олжа емес пе?! Тікелей осы мәселеге қатысты сауалдардың көптеп түсетінін айтқан Мемлекет басшысы банк алдындағы жұрттың берешегіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы" Жарлыққа қол қойды. Осылайша қарызға батқан қазақстандықтардың өмірі өзін бей-жай қалдырмайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Елбасы өзінің кезекті Жолдауларының бірінде қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру бүгінгі күннің басты міндеті екенін айтқан еді. Бұл ретте мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің көлемі мен жалақыны көтеру маңызды рөл атқаратыны белгілі. Кешегі көпбалалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті арттыру да саяси құжатта жүктелген міндеттерді жүзеге асырудың негізігі баспалдағы іспетті. Рас, бұл қолдаулар бір-екі айда жемісін бере салмайды. Тұңғыш Президенттің де елдің тұрмыс сапасын арттыруға қатысты мәселені тақырыпқа тұздық етуінде үлкен мән бар. Кешегі атаулы әлеуметтік көмек пен бүгінгі қазақстандықтардың қарызын өтеп беруге қатысты қолдаулар саяси құжаттағы жүктелген міндеттерді орындауға алтын көпір болары анық.
«Несиені өтеп беруге қатысты көмекті кімдер ала алады?» деген сауал қазір дүйім жұрттың аузында жүр. Расында, көмек кімдерге және қандай жағдайда көрсетіледі? Жарлықта айтылған «әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар» деген кімдер? Осыған оралайық...
Алдымен мемлекет көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атау­лы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалардың банк алдындағы қарызын өтеп беруге ниетті. Мемлекет басшысының бір реттік акциясы жүзеге асқан жағдайда 500 мыңға жуық қазақстандық банк алдындағы қарызынан құтылады. Жарлыққа Президенттің қол қойғанына да көп уақыт болған жоқ. Десе де Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты бірқатар аймақта тиісті тапсырманы жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті.
02 шілде 2019 ж. 810 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930