» » Президент әкімдермен кеңес өткізді

Президент әкімдермен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті өз сөзінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шұғыл шешу үшін әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер корпусына халықтың талаптарын жүйелеуді және оларды шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуді, сондай-ақ олардың қажеттілігі өңірдің әлеуметтік жол картасында көрініс табуы керек екенін тапсырды.
Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік билік облыстар мен қалалардағы тұрақтылық үшін жауапкершілікті өздеріне алуы тиіс.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті алдағы астық жинау науқанына дайындық жұмыстарын жүргізуді, дала мен орман өрттерін ескерту және оның алдын алу шараларын қабылдауды, сондай-ақ жылу беру маусымына әзірлік жүргізуді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қойылған барлық міндеттің іске асырылуын бақылауды Президент Әкімшілігіне жүктеді.
Жиыннан кейін Мемлекет басшысы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін қабылдады.
17 шілде 2019 ж. 858 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930