» » Қызылордада қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерін WhatsApp арқылы жолдай алады

Қызылордада қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерін WhatsApp арқылы жолдай алады



Қызылордада қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану фактілеріне куә болсаңыз WhatsApp арқылы құзырлы органға хабарлауға болады.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев брифингте мәлімдеді.
Қызметтік автокөліктердің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін Департамент WhatsApp мессенджерінде аккаунт (+77057872626) ашқан. Тұрғындар қызметтік автокөліктерді жұмыс бабынан тыс пайдалану деректерін видеоға немесе суретке түсіріп Департаментке жолдай алады.
Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевтың айтуынша «Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, оның ішінде автокөлік құралдарын ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы тиіс. Сондай-ақ, кез-келген азаматтың WhatsApp арқылы мемлекеттік ұйымдарға тиесілі автокөліктің жеке мақсатта пайдаланылғаны туралы фактілерді дәлелдерімен бірге жолдау мүмкіндігі бар».
Айта кету керек, жыл басынан бері қызметтік автокөлікті қызметтік мақсаттан тыс пайдаланған 2 мемлекеттік органның басшысына Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен тәртіптік жаза қолданылған.
05 тамыз 2019 ж. 426 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930