Қарағанды облысының әкімі тағайындалды
Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін үкімет басшысының орынбасары болды
НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
"Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Фейсбуктегі парақшасында.
Жеңіс Қасымбек туралы не білеміз?
1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматыдағы "Темірбанк" ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР көлік және коммуникация министрі, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, министрі болды.
2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР премьер-министр министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Отбасы жағдайы
Әкесі – Махмұд Қасымбеков, 1990 жылдары ҚР президенті кеңсесін басқарған. Жұбайы - Ақжан Қасымбек. Ақерке, Жансая, Ләйлім есімді үш қызы бар.