ЖАЛАҒАШ ТАҒЫ ДА «ҮЗДІК АУДАН» АТАНДЫ

Жуырда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық жастар ресурстық орталығында «Сенің еңбегің, сенің ертеңің» облыстық еңбек маусымының қорытынды кеші және жастар балы ұйымдастырылды. Аталған шараға облысқа қарасты аудан орталықтарында «Жасыл ел» жасағында жұмыс жасаған жастар, командирлер, жастар ұйымдарының өкілдері, оқу орындарының «Жастар ісі» жөніндегі комитет жетекшілері және белсенді жастар қатысты.
Жазғы маусымда еңбек еткен жастардың ішінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының «Үздік аудан» номинациясы бойынша Жалағаш ауданы марапатталды. «Үздік сарбаз» номинациясын Шиелі ауданынан келген сарбаз Жантілеу Саматұлы иеленсе, «Үздік командир» номинациясымен Жаңақорған ауданынан Алишер Ералиев марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы бойынша жұмыс жасаған «Жасыл ел» жасағының жастарына арнайы алғыс хаттар табысталды. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.
«ЖЖ» ақпарат