Депутаттар өз жұмыстарын жарнамалауға бюджеттен 460 млн теңге бөлуді ұсынды
Сенат өз жұмысын БАҚ беттерінде жарнамалау үшін бюджеттен 460 миллион теңге бөлуді ұсынды. Бұл жөнінде informburo.kz басылымы хабарлады.
Парламент Сенаты 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгертулер енгізуді ұсынып, Мәжіліске қайтарды. Жаңадан енгізілген өзгертулер бойынша, бюджетке қосымша 40,8 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Оның 15 миллиарды 2020 жылға жоспарланған. Сенат қаулысына сәйкес, қосымша қаражат бюджеттің өзге салаларынан алынатын болады. Енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды Мәжіліс мақұлдауы тиіс.
Бұдан бөлек, депутаттар «Сенат жұмысын БАҚ беттерінде насихаттауға қосымша 460, 5 миллион теңге бөлуді» ұсынды. Бұған қосы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы «Евразия» телеарнасына қосымша 1 миллиард теңге бөлу жөнінде ұсыныс айтылды. Ондағы мақсат арнадағы бағдарламаларды одан ары дамыту және мемлекеттік тілдегі жобалар санын арттыру.