Қызылордада газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің туыстары көмек сұрайды
Қызылорда қаласындағы «Бәйтерек» шағын ауданында газ баллоны жарылып, онда зардап шеккен ерлі-зайыптылардың туыстары көмек сұрайды, - деп хабарлады Kyzylorda-news.kz.
Аталған жағдай ағымдағы жылдың 20-қарашасында орын алған болатын. Тұрғын үйде газ баллонының редукторындағы ақау салдарынан жарылыс орын алып, қабырғасы құлап, өрт тұтанған. Оқыс оқиға салдарынан 26 жастағы үй қожайыны мен оның 1995 жылы дүниеге келген жұбайы күйік шалғандықтан ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның денесінің 45 пайызын, ал әйелдің денесінің 75 пайызын күйік шалған.
«Күйік жарақатымен ауруханаға түскен ерлі-зайыптылар жансақтау бөліміне жатқызылды. Олар 2-3 және 3-1 дәрежесінде күйік жарақатын алған. Науқастардың ауыр жарақатына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан мамандар шақыртылды. Ем тағайындалды. Қазіргі таңда жағдайлары тұрақты ауыр», – дейді қалалық аурухана дәрігері Сабыржан Оразбек.
Қазір Сәдібековтер отбасы қандай да болсын көмекке зәру. Зардап шеккен жандардың туыстары дәрігерлер тарапынан барлық жағдай жасалып, ем-домдар жүргізіліп жатқандығын айтуда. Алайда науқастар аяғына тұрғанымен оларға алдағы уақытта түрлі оталар жасалу қажет.
«Дәрігерлерге рақмет, қолдан келген көмекті, барлық ем-домдарды жасап жатыр. Енді інім мен келінімнің беті бері қараса, әрі қарай да емді жалғастыруға көмек көрсетілсе. Себебі бет-әлпеттері қатты күйген. Сырт дене жарақаттарын жазуға әлі түрлі ота жасалады», – дейді Асланның апасы Айгүл Сәдібекқызы.
Ерлі-зайыптылар бұдан біраз уақыт бұрын мемлекет тарапынан берілген «Бәйтерек» шағын ауданынан жер телімін алған. Жерді жалға алу мерзімінің аяқталуы жақын қалғандықтан банктерден несие алып, шағын баспана салған. Қазіргі таңда үйдің қабырғалары мен шатыры жарылыс салдарынан толық құлаған.
Каспи голд: 5169 4931 8803 6654
ЖСН: 811 031 401 808
Ұялы телефон: 8 747 180 98 17 Айгүл Сәндібекқызы.