АУДАН ӘКІМІ ҚАЙРАТБЕК ӘУБӘКІРҰЛЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ "СЫР БОЙЫ" ЖӘНЕ "КЫЗЫЛОРДИНСКИЕ ВЕСТИ" ГАЗЕТТЕРІНІҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЛАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті Аманжол Сақыпұлы!
Сізді және сіз арқылы “Сыр медиа” ЖШС ұжымын, сондай-ақ елдің үніне айналған, Алашқа ана атанған өңірдің үнжариясы болып келе жатқан «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттерінің қызметкерлерін қос басылымның 90 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын.
Облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері -қоғамдағы, еліміздегі болып жатқан күнделікті жағымды жаңалықтарды оқырманға сүйіншілеп, халық пен биліктің арасына дәнекер болып, ел ішіндегі күрмеулі мәселелерді билік орындарына жеткізуде және ол мәселелердің шешілуіне ықпал жасап келе жатқан аймақтағы аға басылымдар.
Аймағымыздағы аталған басылымдарға елге белгілі қаламгер ағаларымыз басшылық жасады және мұнда қаламы жүйрік кәсіби журналистер қызмет етті. Қазірде аға толқын журналистермен қатар қаламы қуатты жас тілшілер аймақтың тыныс-тіршілігін өте жоғары деңгейде жазып, оқырмандарына жеткізіп келеді.
Мерейтой қарсаңында Сіз басшылық жасап отырған «Сыр Медиа» ұжымын сонымен бірге «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің бас редакторларын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Ұжымға ел мүддесі жолындағы қызметтері үшін ел атынан алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілеймін.
Игі тілекпен,
Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев