» » Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгідей 40 мыңның емес, 70 мың теңгенің шамасында болады. Мәжілісте өткен жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді.
Айта кетейік, халықаралық Кейтц индексіне сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері орташа деңгейдің 30 процентіне тең болуы тиіс. Қазір бұл көрсеткіш – елімізде 23 процент. Сондықтан орташа жалақы да өсуі қажет. 2023 жылға қарай оның көлемі 223 мың теңгеге жетеді деп болжанып отыр.

«Ең төменгі жалақыны өсіру шығынды қажет етеді. Бюджеттік мекемелерде өседі. Жеке табысқа салынатын салық та өседі. Есебі шығады. Егер миллиондаған адам жалақысын көбейтетін болса, ол ешқайда кетпейді», – дейді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Жиында депутаттар 1 немесе 3 баласы бар отбасыларға да жәрдемақы беру мәселесін көтерді. Үкімет өкілдері бұл бастаманы жүзеге асыру жолдарын қарастырып жатқанын айтты. «Ең алдымен мемлекеттің мүмкіндігіне қарай жағдайы жұтаң отбасылар жәрдемақы алуы мүмкін. Дегенмен барлығына біркелкі төлеу жайы қарастырылады деді. Бұдан бөлек, басқосуда әлемді алаңдатқан коронавирус дерті мен басқа да вирустық инфекциялардың алдын алуға 1 жарым миллиард теңге бөлінетіні айтылды. Бұл қаржыға қосымша медициналық жабдықтар сатып алынбақ.


kyzylorda-news.kz
31 қаңтар 2020 ж. 630 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930