» » Білім басқармасы органдарының басшыларын тағайындау және босату тәртібі өзгерді

Білім басқармасы органдарының басшыларын тағайындау және босату тәртібі өзгерді

 ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, елімізде білім саласының басқару жүйесі өзгерді. 
Атап айтқанда, енді білім бөлімдері басқармалардың бақылауында болады. Яғни бұдан былай білім беру саласының бюджеті облыс деңгейінде шоғырланатын болады. Бұл орайда білім басқармасы органдарының басшыларын тағайындау және босату тәртібі өзгерді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министр Б.Асылова мәлімдеме жасады.
«Биылдан бастап басшыларды тағайындау және босату Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Өз кезегінде білім басқармалары министрліктің келісімі бойынша білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады», - деді вице-министр.
                                                                                            "СБ" ақпарат
02 ақпан 2020 ж. 525 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930