» » Елбасы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

Елбасы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады



Алғыс айту күніне арналған мерекелік шарада ҚР Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді.

“Бүгін біз баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді. Мейірімділік, өзара көмек және бір біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтарды көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушілік бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді. Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту. Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін”, – делінген Президенттің құттықтау xатында.



http://stan.kz
01 наурыз 2018 ж. 1 214 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 006

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031