» » Облыс әкімі аймақ тұрғындарына үндеу жасады

Облыс әкімі аймақ тұрғындарына үндеу жасады

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов коронавируспен күрес аясында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы тарқатып айтты.

Аймақ басшысы күннің өзекті тақырыбына — коронавируспен күрес бойынша қабылданған шараларға тоқталды. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі барлық қоғамдық шараларды тоқтату туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондықтан, республика көлемінде барлық қоғамдық-саяси маңызы бар шаралар, жиындар, конференциялар мен мерекелік шаралар тоқтатылды. Денсаулығымыздың қауіпсіздігі үшін жеке азаматтардың да ас беру, той өткізу мен қоғамдық орындарда өтетін діни жоралғыларға да шектеу жасаған дұрыс деп санаймын. Бұның барлығы Сыр жұртшылығының жеке бас қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралар. Сондықтан, түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ, төл Жаңа жылымыз – Наурыз мейрамын отбасылық мереке ретінде атап өтуді ұсынып отырмыз. Мерекені жақын-жуықтың арасында қарсы алудың да мәні зор. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда, біздің облыс көлемінде коронавирус инфекциясының алдын-алу үшін нақты шаралар қабылданған. Күнделікті арнайы штаб жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге облыста қауіпті індетті жұқтырған азаматтар тіркелген жоқ. Алдын алу шараларын күшейту мақсатында қала және аудан әкімдіктеріне, облыстық білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, кәсіпкерлік және туризм басқармаларына, полиция департаментіне, «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасына (келісім бойынша) арнайы тапсырмалар бердім. Облыста барлық медициналық ұйымдар үздіксіз қызмет көрсетуде. Сауда орындары мен базарларда азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті. «Далатекс» тігін цехы бетпердені өз облысымыздан шығаруды қолға алды. Дегенмен, әрбір адам жеке бас саулығына өзі жауапты екенін естен шығармаса екен. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен гигиеналық шараларды мүлтіксіз сақтауға тырысыңыздар. Сонымен бірге, осы инфекцияға қатысты ел арасында және әлеуметтік желілерде жарияланған түрлі ресми емес ақпараттарға бой алдырмай, ресми органдардың бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәліметтеріне сүйену қажет екендігін назарларыңызға саламын», — деп айты Қуанышбек Ысқақов.

Тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 call-орталығы арқылы алуға болатындығын аймақ басшысы жеткізді.

«Құрметті жерлестер! Сыр елі — қашанда сындарлы сәттерде сыр бермей, талай кезеңді басынан өткізді.  Бұл қатерлі індетті жеңуде біз тағы да елдің ауызбірлігін көрсетуіміз қажет. Мемлекет тарапынан жасалуы қажет шараларды облыс әкімдігі толығымен атқарады және бұл шаралар менің жеке бақылауымда болатындығын жеткіземін», — қорытындылады Қуанышбек Ысқақов.


Newtimes.kz

15 наурыз 2020 ж. 365 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930