» » Коронавирус: Қызылордада вахталық ауысымда жұмыс жасайтындардың мерзімі 28 күнге ұзартылды

Коронавирус: Қызылордада вахталық ауысымда жұмыс жасайтындардың мерзімі 28 күнге ұзартылды

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

«Елімізде азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, төтенше жағдайдың алдын алу бойынша шектеу шаралары енгізілгендігі белгілі. Осыған орай, өңірімізде өндірісті ынталандыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында отандық кәсіпкерлерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында қосымша 300 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, елдегі жағдайды түзеу мақсатында күнделікті тұтынатын және өзге де сервистік қызмет көрсететін орындардың жұмысына жергілікті кәсіпкерлердің күшін жұмылдыру қолға алынбақ», – деді Ринат Қалдыбекұлы.


Сонымен қатар, сатып алу заңдылықтарына қарамастан жергілікті тауар өндірушілерден тікелей сатып алу мүмкіндігі қарастырылды.
Мұнан өзге, Төтенше жағдайға байланысты мұнай-газ кен орындарында өндірістің тоқтауына жол бермеу мақсатында вахталық ауысымда жұмыс жасаушылардың мерзімін 28 күнге ұлғайту шаралары қабылдануда. Бұл жұмыс істейтін азаматтардың арасында вирустың таралмауына жол бермеу үшін жүргізілуде.


17 наурыз 2020 ж. 373 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930