» » Жалағаштың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Жалағаштың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қайратбек Әубәкірұлы 1961 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-бухгалтер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария суару жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған.
1999-2012 жылдары Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2012-2017 жылдары облыстық қаржы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі болды.
2017 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.
26 наурыз 2020 ж. 1 144 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930