» » COVID-19: Қытай вакцинаны сынақтан өткізуге кірісті

COVID-19: Қытай вакцинаны сынақтан өткізуге кірісті


Құрлықтық Қытайда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңадан 89 жағдайы анықталды, өлім саны тіркелген жоқ, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі ҚХР Гигиена және денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.
Бұл ретте індетке шалдыққан 86 адам шетелден келген. Коронавирусты елге сырттан әкелу жағдайларының жалпы саны 1,4 мыңнан асты. Қазіргі кезде 905 адам емделіп жатыр, 37 пациент ауыр халде. Бұдан басқа, соңғы тәулікте ауру белгілері болмаған 54 жаңа оқиға анықталды. Жалпы алғанда, 1 мыңнан астам адам медициналық бақылауда қалып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да коронавирусқа шалдығудың барлығы 82 249 оқиғасы расталған, аурудан 3341 адам қайтыс болды, 77 738 адам жазылып, ауруханадан шығарылды. Қазіргі кезде 1170 пациент медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр, 116 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қытай билігі COVID-19 індетіне қарсы активтелген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берген.
Ол клиникалық сынақтардан өтіп жатқан елдегі екінші және әлемдегі үшінші вакцина болмақ. Бұл вакцинаны тиісті сынақтардан өткізуге лицензияны Ухань биологиялық препараттарды зерттеу институты мен Бейжіңдегі Sinovac R&D ғылыми-зерттеу компаниясы берді. Еске сала кетейік, Қытайда вакциналар бес бағыт бойынша әзірлену үстінде: нуклеин қышқылдары негізіндегі ген-инженерлік вакцина, инактивтелген вакцина, қайта ұйымдастырылған ақуыздар негізіндегі вакцина, рекомбинантты аденовирустық вектор негізіндегі вакцина және тұмауға қарсы тірі вакцина. Бұған дейін жаңа типтегі коронавирусқа қарсы рекомбинатты аденовирустық вектор негізіндегі вакцинаны клиникалық зерттеу үшін тиісті рұқсатты ҚХР Әскери-медициналық академиясы алған.
Қазақстанмен шекарадағы жағдай
Қытайда коронавирусты сырттан әкелу оқиғаларының көбеюіне байланысты Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы «Алашаңқай» бақылау-өткізу бекетінде кедендік және шекаралық бақылау күшейтілген, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. ҚХР ШҰАА-ға «Алашаңқай» арқылы өтетін барлық адамдар денсаулық жағдайы туралы декларацияны ұсынуға міндетті. Адамдардың дене температурасы үнемі өлшеніп, көлік құралдары дезинфекцияланып тұрады.
14 сәуір 2020 ж. 380 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930