» » Президент Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

***
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 сәуір
№ 306
14 сәуір 2020 ж. 334 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930