Биыл ҰБТ-ның қалай өтетіні белгілі болды
Осы жылы түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 11 сыныптың төртінші тоқсандағы бағдарламалардың сұрақтарынсыз тапсырады, деп хабаралйды «Евразия» арнасы.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
Оқушылардың ата-аналары балалары қашықтан оқытудың салдарынан ҰБТ-ға жақсы дайындала алмайды деп алаңдайды.
Ал тестілеу орталығында қашықтан оқыту оқушыларға кедергі келтірмейді деп сендірді.
Еске сала кетейік, коронавирус індетіне байланысты төртінші тоқсанда қазақстандық оқушылар қашықтықтан білім алып жатыр. Биыл олар үшін бітіру емтихандары тоқтатылды.
Білім және ғылым министрлігінде ҰБТ-ны әдеттегідей маусым айының соңында өткізуді жоспарлап отыр. Алайда ведомствода коронавирус жағдайы нашарлауы мүмкін болған жағдайда Б жоспарына жүгінуге тура келетінін жоққа шығармайды.

«Оқушыларға төртінші тоқсаннан сұрақтар болмайды. Яғни 5 сыныптан 11 сыныптың үшінші тоқсанына дейін. ҰБТ-ны өткізу бұрынғы форматта қалады, алайда біз қосымша санитарлық шектеу шараларын енгізетін боламыз», – деді Дидар Смағұлов.Ол тестке қатысушылардың арасында қашықтық ұлғаятынын айтты. Сонымен қатар, барлық оқушылардың температурасы жергілікті жерлерде тексеріледі.