Қызылорда: Тағы бір көкөніс қоймасы іске қосылды
Қызылордада дағдарысқа қарсы шара ретінде, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту Жол картасы» әзірленді. Соған сәйкес жалпы құны 36,9 млрд теңге болатын 276 жоба жүзеге асырылып, 9 299 жұмыс орны құрылатын болады. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай хабарлады.
Төтенше жағдай кезінде халықты бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету шаралары да өз деңгейінде жүргізілуде. Жалпы 4299,4 тонна өнім сатып алуға облыстық бюджеттен 881,8 млн теңге бөлінді.
Бүгінгі мәлімет бойынша облыстық сауда орындары мен олардың қоймаларында және тұрақтандыру қорында 12 521,6 тонна өнім сақталуда.
Облыста қосымша 2000 тонналық заманауи жабдықталған көкөніс сақтау қоймасы іске қосылып, қосымша сатып алынған көкөніс өнімдері осы қоймаға қабылданып жатыр.