» » 42500 теңге түскенін қалай тексеруге болады?

42500 теңге түскенін қалай тексеруге болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42500 теңгенің түскенін тексеру үшін жаңа қызметтің іске қосылғанын хабарлады.
Нариман Мұқышевтің айтуынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған соң, шоттарға ақша жіберілгендігін қалай тексеруге болады деген сұрақтар көп.
Нақты ЖСН-і бойынша тексеруді жиі сұрайды екен. Осыған байланысты еңбек министрлігі әрбір адам өзіне ақша жіберілгенін және қайда жібергенін білу үшін, бірқатар интеграция мен техникалық жұмыстарды жүргізгенін хабарлайды. 
«Енді egov.kz және 42500.enbek.kz-тегі мәртебеде (статуста) ақша жіберілгенін және қандай банкке жіберілгенін көруге болады? Егер өтінім мақұлданса және ақша жіберілсе, мәртебесі 5 қадамды жасыл түспен көрсетеді, ал төменгі жағында 42500 теңге қандай банкке жіберілгені жазылады. Бұл жағдайда, егер картада түсімдер жоқ болса, банкке хабарласуыңызға болады», – дейді вице-министр. 
Сонымен қатар, өтінім мақұлданған болса, бірақ шот нөмірінде қате болса, мәртебеде 5 қадамды сары түспен көрсететінін мәлімдеді. Ондай жағдайда төменде дұрыс шот нөмірін алу үшін не істеу керек туралы ақпарат жазылатынын айтты. 
«Мұндай қателіктердің бір бөлігін біз өзіміз анықтаймыз, бірақ бір бөлігін көре алмаймыз және банктер ақшаны қайтарады. Сонда біздің базамыз арқылы немесе СМС арқылы басқа шоттарды іздеуге тура келеді», – деді ол.
02 мамыр 2020 ж. 438 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930