Қызылорда облысында 137 науқас қауіпті індеттен жазылып шықты
Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 137 адамға жетті.
3 мамыр 13:30-дағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 10 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының тұрғындары.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 137 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.