» » 7359 АДАМҒА 7359 АДАМҒА 42500 ТЕҢГЕ БЕРІЛГЕН Бұл – аудандағы көрсеткіш

7359 АДАМҒА 7359 АДАМҒА 42500 ТЕҢГЕ БЕРІЛГЕН Бұл – аудандағы көрсеткіш

Фото: Алихан СариевӘлемде болып жатқан пандемияның әсерінен еліміздегі үлкен қалалар карантинге жабылып, сыртта жұмыс істеп жүргендер үйіне оралды, жұмыс уақытша тоқтады. Бірнеше айға созылған төтенше жағдай режимі нағыз еңбектің қызатын, тіршіліктің жаңаратын шағында қолбайлау болды. Қазақстандықтардың басым көпшілігі табысынан айырылды. Бұл оңай болған жоқ.

Мемлекеттің ең үлкен қазынасы, негізі – халық. Осы әрбір қазақстандықтың амандығы үшін мемлекет індет жайлаған шақта, есеңгіреп қалмай, дер кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, медицина мамандары уақытпен санаспай алдын алу және науқастарға ем-дом көрсетуде жігерлілік танытты. Ең бастысы, табысынан айырылған азаматтар төменгі жалақы көрсеткіші мөлшерінде көмекке қол жеткізді. Бұл туралы ел Президенті өз сөзінде "Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олар­дың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар легін жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым" деген болатын. Соның ізімен аз ғана уақыт ішінде қаншама қазақстандық мемле­кеттен қолдау тапты.

Белгілі бір санаттағылардан басқа табысынан айырылған азаматтарға төменгі жалақы мөлшерінде көмек берілді. Яғни 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақы тағайындалды. Әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін небары арнайы сайтқа кіріп, жеке сәйкестендіру нөмір, жеке куәлік бойынша мәліметтерді және шот нөмірін көрсету жеткілікті. Тағайындау үш күннен аса уақыт алады екен. Егер сізге мемлекеттік көмек берілетін болса, жеке нөміріңізге хабарлама келеді. Мәселен, республика бойынша бұған дейін 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілсе, миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілген. Сонымен бірге коммуналдық төлемдердің тарифі төмендетіліп, оны төлеу үшін аса мұқтаж жандарға қосымша көмек қарастырылған. Қаншама азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Қолжетімді несие беру, көктемгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау үшін айтарлықтай мүмкіндіктер жасалуда. Бұдан бөлек кәсіпкерлер мен белсенді топтар қайырымдылық шараларын жүзеге асыруда.
Ал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, өңірде төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға арналған әлеуметтік көмекке он бір мыңнан аса адам өтінім қалдырып, оның жеті мың үш жүз елу тоғызына 42500 теңге көлемінде көмек берілген. Әлеуметтік көмекке екінші мәрте қол жеткізген азаматтар саны төрт мыңнан асып отыр. Бұл азаматтарға тиісті қаражат 11 мамырға дейін төленген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында елдегі төтенше жағдай режимінің аяқталғанын мәлімдеді. Алайда бұл індеттің таралуы толық тоқтады, босаңсуға, арқаны кеңге салуға болады деген сөз емес. Сол себепті ай аяғына дейін карантин ережелері, ортақ тәртіп сақталып, шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған соңғы мәлімет бойынша әлеуметтік көмек тағайындаудың ережелеріне де бірқатар өзгерістер енген. Айталық, БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдар, өтініш берген күніне дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілер, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдар, егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағ­дай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адам­дар, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдар, толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекеме­ле­ріндегі адамдар әлеуметтік көмек ала алмайды.

Нұр НАУАН


19 мамыр 2020 ж. 312 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930