42500 теңге жәрдемақыны бәрі бірдей ала алмайды: кімдер ала алатынын оқыңыз
4 сәуірде көптеген қазақстандықтарға 42500 теңге төленуі мүмкін деген ақпараты бар SMS-хабарлама келген. Алайда SMS келгендердің барлығы төлем ала алмайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа өзгерістер жариялады.
42500 теңге жәрдемақыны кім ала алады?
Төлемге азаматтардың 7 санаты үміткер бола алады.
Төлем алуға үміткер бола алмайды:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа өзгерістер жариялады.
42500 теңге жәрдемақыны кім ала алады?
Төлемге азаматтардың 7 санаты үміткер бола алады.
- Төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмай жұмыстан демалысқа жіберілген шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
- Карантин енгізілген елді мекендерде жұмыс істейтін және осыған байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері.
- Жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын табыстан айырылған жеке кәсіпкерлер.
- Жеке практикамен айналысатын адамдар.
- Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер – жеке тұлға.
- ТЖ салдарынан кірістерін жоғалтқан, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімдер бойынша табыс алатын адамдар.
- Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың (мемлекеттік заңды тұлғалардан басқа) қызметкерлері.
Төлем алуға үміткер бола алмайды:
- Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ тұлғалар, БЖТ төлейтіндерді қоспағанда.
- Өтініш берілген күнге дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ БЖТ төлеушілер.
- Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай ішінде зейнетақы аударымдарын төлемеген АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар.