Қызылордада коронавирустан жазылған 77 адам донор болуға ынта білдіріп отыр

Динара Адабаева, донор:
– Естіген кезде үрей-қорқыныш болды. Балаларымды уайымдап, алаңдадым. Жұқпалы аурулар ауруханасына алып кеткен күні тест алынды және 15 күннен кейін тағы алды. Теріс нәтиже болды, жақсы болды. Менің қаным келесі науқасқа ем түрінде беріліп жатыр. Сондықтан барша коронавирустік тізімдегі науқастарға ем болсын дегім келеді.
Қан орталығы мамандарының иммунды плазма жасау тәжірибесі мол. Себебі соңғы жылдары конго-қырым безгегіне шалдыққандарға үзбей дайындап келеді. Бірақ коронавирусқа арналған қорға кезкелген адамның қаны алынбайды.
Жұпар Жантұрсынова, дәрігер-трансфузиолог:
– КВИ ауырған адамдардың қан құрамында антиденелер түзіледі. Бұл дүниежүзілік ғалымдар зерттеуімен дәлелденген. 484 жағдай тіркеліп отыр. Қазір ауырып жатқан науқастарға ауырып кеткен науқастардың плазма сарысуын құю арқылы емдік мақсатта иммунитет көтеру үшін құйылады.
Серік Игембаев, қан орталығының директоры:
– Иммуноплазма вирус жұқтырып, ауыр жағдайда жатқан науқастарға құйылады. Оған дейін біздің тоңазытқыштарда сақталады. Қажет деп сұратқан емдеу мекемелеріне жіберіп отырамыз. Аймақтың 346 тұрғыны коронавируспен ауырып шықты. Солардың 77-сі донор болуға ынта білдіріп отыр.