» » Қызылордада коронавирустен 515 адам жазылып шықты

Қызылордада коронавирустен 515 адам жазылып шықты

Қызылордада коронавирус инфекциясы диагнозы бойынша соңғы тәулікте симптомды 10, симптомсыз 37 жағдай тіркелді.
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 587, ал симптомсыз- 314 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 515-ке жетті.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Симптомды жаңа 10 жағдайдың 9-і скринингтен болса, 1-еуі індет жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал симптомсыз коронавирус инфекциясының 37 дерегі тіркелді. Оның 26-і скринингтен, , 7-і ақылы сынама тапсырғаннан, 4-і қарым-қатынастан анықталды»,- деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6713 азамат анықталды. Оның ішінде, 4308- тікелей қарым-қатынаста, 2405-і жанама байланыста болған.
24 маусым 2020 ж. 592 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930