» » Дәрігер коронавирус пен пневмонияның айырмашылығын салыстырды

Дәрігер коронавирус пен пневмонияның айырмашылығын салыстырды

Қазір ел ішінде белең алған індет – ковидтық пневмония. Ал елімізде бұған дейін тіркеліп жүрген пневмония – қазан мен наурыз айларының аралығында өршиді. Бұл иммунолог дәрігер Рафаил Розенсон айтты.
Маман пневмония мен коронавирустық инфекцияның ара-жігін ажыратып, бірнеше айырмашылықты атады. Мәселен, әдеттегі пневмония кезінде тыныс алу жолдарында вирустың жалғыз ошағы пайда болатын көрінеді. Ал коронавирустық инфекция жұқтырған адамда дөңгелек пішінді бірнеше ошақ тіркеледі екен. Әрі оларды рентген арқылы анықтау оңай емес. Екеуінің емдеу тәсілдерінде де айырмашылық бар дейді маман.
«Коронавирус – респираторлы белгілері бар, тыныс алу жолдарына әсер ететін инфекция. Жәй пневмонияны емдеуге болады. Бұл процесс бізде жолға қойылған әрі бізде антибиотиктер өте көп. Оларды қолдану арқылы нәтижені бірден сеземіз. Ал коронавирустық инфекция кезінде дәрі-дәрмектің күші айтарлықтай әсер етпейді. Әсер еткен күннің өзінде оны ұзақ күтуге тура келеді. Ковидтік пневмония иммунитетті айтарлықтай төмендетеді. Оған қарсы күресуі тиіс лимфоциттерге кері әсер етеді. Бастысы, адамның өкпесі қабынып, тыныс алуы қиындай түседі»,- дейді иммунолог Рафаил Розенсон.
04 шілде 2020 ж. 581 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 566

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930