» » Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.
Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды. Сонымен қатар рәсімге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Президент Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.
Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті.
13 шілде 2020 ж. 500 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930