» » ДДСҰ Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

ДДСҰ Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

көмек

Батыс Қазақстан облысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) гуманитарлық жүк келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте гуманитарлық жүкті бөлуге қоғамдық бақылау өкілдері қосылғанын атап өтті. Барлық бетперделер мен қолғаптар саналып, мөрленді - бұл оларды қайта сатуға жол бермеуге көмектеседі.
Сонымен қатар, Қазақстанға мамыр айында Катардан келген жүкті тарату басталды.
"Жүк Катардан келді. Жеке қорғаныс құралдары бар - шамамен 60 қорап. Сондай-ақ, ДДСҰ-дан 15 қорап бар. Бұл медициналық қорғаныс бетперделері, костюмдер, көзілдіріктер, халаттар, респираторлар, бахилалар", - деді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет.
Жүк қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
"Біз гуманитарлық жүкті облыстағы барлық ауруханаларға таратпауға шешім қабылдадық. Қалалық көпсалалы ауруханада жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы байқалуда. Сондықтан барлығын оларға тапсырдық", - деді БҚО қоғамдық бақылау үйлестірушісі Айгүл Туркина.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері өңірдің көтерме қоймаларына түсетін дәрі-дәрмектердің бөлінуін бақылайтын болады.

16 шілде 2020 ж. 378 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930