» » Карантин күшейтіледі

Карантин күшейтіледі


Қазақстанда демалыс күндері карантин шаралары күшейтіліп, бірқатар нысан жұмысын қайта тоқтатады.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес 17 тамыздан бастап елімізде карантин шаралары жеңілдетіліп, бірақатар кәсіпкерлік нысанның жұмысына қайта рұқсат берілді. Алайда, карантиндік шектеулер демалыс күндері сақталады.
Осыған орай, 22 және 23 тамыз күндері сақталатын шектеулерді еске саламыз.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
– қоғамдық көліктің қозғалысына;
– 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына;
– сауда, ойын-сауық орталықтары (ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда), сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмысына;
– азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының жұмысына;
– сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысына;
– фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтар, қоғамдық моншалар, сауналардың жұмысына;
– балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысына;
– ашық ауада аттракциондардың жұмысына.
21 тамыз 2020 ж. 359 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30