» » Головкин мен «Канело» жекпе-жектерінің уақыты белгіленді

Головкин мен «Канело» жекпе-жектерінің уақыты белгіленді

DAZN стриминг қызметі бірнеше жекпе-жектің уақытын белгіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматы, NEGE. Инсайдерлердің мәліметінше, желтоқсан айына бірнеше жекпе-жек жоспарланған:

18 желтоқсан: орта салмақта IBF титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасында;

19 желтоқсан: екінші орта дивизионда WBA (Super) белбеуі сарапқа салынатын британиялық Каллум Смит (27-0, 19 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) айқасы;

26 желтоқсан: жеңіл салмақта WBC тұжырымынша «уақытша» чемпион атағы үшін британиялық Люк Кэмпбелл (20-3, 16 КО) мен америкалық Райан Гарсия (20-0, 17 КО) кездесуі өтеді. Әзірге тек Смит - Альварес кездесуі ғана ресми бекітілгені айтылады.
19 қараша 2020 ж. 158 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30