» » «ANTIKOR.LIVE»: Қызылорда гарнизонында атқарылған жұмыстар сараланды

«ANTIKOR.LIVE»: Қызылорда гарнизонында атқарылған жұмыстар сараланды

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ағымдағы жылы атқарылған жұмыстары бойынша тікелей эфир өткізілді.

Онда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, Бақытжан Ниязов және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов қатысты.
Жиын барысында Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқарма мен бөлімшелерінде ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа карсы атқарылған жұмыстар баяндалды.
Тікелей эфирде сөз алған Бақытжан Ниязов Қарулы Күштердің, яғни, қорғаныс саласының мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі орнын және де өзінің тәртібі мен кәсіби шеберлігінің арқасында халық тарапынан дұрыс көзқараста екендігін атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін көтеру мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» кеңселері жобасы аясында қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқарма мен бөлімшелерінде жүргізіліп жатқан тиімді іс-әрекеттер көп. Әскери қызметшілер тарапынан облысымыздың жастарына, соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және балалар үйлеріне жасалып жатқан үлкен игі істер жалғасын тауып, оң бағасын алуда. Мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде де Сыр жастарының Отан қорғауға деген белсенділіктерінің артқанын да байқауға болады», – деді Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдауда қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, басқарма мен бөлімшелерінде атқарылып жатқан істер аз емес. Сыбайластық дертін азайту жолындағы жұмыстар жалғасын тауып, нәтижелерін берері сөзсіз.
20 қараша 2020 ж. 217 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930