» » «Қызылорда–Жезқазған» тас жолында 12 тонналық газ цистернасы жарылуға шақ қалды

«Қызылорда–Жезқазған» тас жолында 12 тонналық газ цистернасы жарылуға шақ қалды


Қызылорда облысының құтқарушылары ірі газ жарылысының алдын алды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомство өкілдерінің хабарлауынша, құтқарушыларға 13 желтоқсан күні таңғы сағат 6:27-де «Қызылорда–Жезқазған» тас жолының бойында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы қоңырау түскен.
«Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы оқиға орнына дереу жетті. Ол жерде «Азимут» ЖШС-не тиесілі пропан тиелген 12 тонналық MAN көлігінің алдыңғы бөлігі өртеніп жатқаны анықталды», – делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер оқиға орнында жедел әрі үйлесімді әрекет етіп, таңғы сағат 7-де тілсіз жау толық сөндірілді.
Осылайша, өрт сөндірушілер Шымкенттен Ақшабұлақ кен орнына бара жатқан жүк көлігіне тіркелген 12 тонналық цистерна жарылысының алдын алды.
Апат салдарынан ешкім зардап шегіп, жарақат алған жоқ. Тиісті сала мамандары өрттің шығу себебі мен шығын көлемін анықтап жатыр.
Sputnik Қазақстан
13 желтоқсан 2020 ж. 189 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930