Коронавирустан қорғану үшін қалай тамақтану керек
Kyzylorda-news.kz. Кетогендік диета кезінде ұннан жасалған тағамдар мен тәттіден бас тарту қажет. Көмірсуды аз қолдану ағзадағы «жаман» холестерин процентін азайтады, деп хабарлайды SputnikҚазақстан.
Мамандар тамақтанудың мұндай тәсілі қандағы қант деңгейін тұрақтандыратынын айтады. Зерттеу нәтижесінде диета плазмадағы кетон денелері деңгейін арттыратынын көрсетті.
Бұл диетада калориялардың 60-70%-і майлардан, 20-30%-і ақуыздан және 10 проценті көмірсулардан болуы керек. Майды өсімдік майы, ет, балық, ірімшік, қаймақ, тәтті емес йогурт, жұмыртқа, авокадо және жаңғақтардан алуға болады. Бұл өнімдердің дені ақуызға бай. Ал көмірсулар көкөніс, тәтті емес жеміс-жидектен алынады.
Бірақ гарнирге ботқа, макарон, картоп жемеген жөн. Тәтті мен алкогольдік ішімдікке тыйым салынады.
Алайда кез келген диета сынды, мұны да барлығы бірдей ұстана алмайды, Бүйрек, бауыр, сүйек сырқаты барлар мен командалық спорт түрімен айналысатындарға арналмаған

«Тамақтанудың бұл тәсілі бейімді иммундық жасушалар қызметін жақсартып, коронавирус жұқтыру қаупін азайтады», – делінген зерттеуде.Ғалымдар катогендік диета Т-лимфоцит рецепторымен байланысты жасушалар таралуына септесетінін анықтады. Сондай-ақ, қабынуға қарсы әсері бар.