» » ОПЕК+ келісімі: Қазақстан мен Ресей мұнай өндіру көлемін ұлғайтатын болды

ОПЕК+ келісімі: Қазақстан мен Ресей мұнай өндіру көлемін ұлғайтатын болды



ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев сөйлеген сөзінде атап өткендей, ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бірлескен күш-жігері 2020 жылы әлемдік мұнай нарықтарындағы бағаны тұрақтандыра алды. Қазіргі кездегі қолданыстағы келісім мұнай саласына оң серпін беруді жалғастыруда. Кездесудің қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартудың қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айларына ұзарту туралы шешім қабылдады.
«Бұл ретте, Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңдегі өндірісті сәйкесінше тәулігіне 10 және 65 мың баррельге кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін жеке шарттары келісілді. Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін ақпан және наурыз айларындағы міндеттемелер сәйкесінше тәулігіне 1,427 млн. баррельді және 1,437 млн. баррельді құрайтын болады»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін ОПЕК + келісімі бойынша міндеттемелерді орындау 99%-ды құрағандығы туралы жазған болатынбыз.
06 қаңтар 2021 ж. 225 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930