» » 1 сәуірде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады

1 сәуірде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады

Бұрыңғыдай салық органдарына барып, есептетудің қажеті жоқ, дейді маман.

Сәуірдің бірінде 2020 жыл үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды әкімшілендіру және арнайы салық режимі департаментінің директоры Азамат Садықов азаматтарды Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте ескертті, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, осымен екінші жыл қатарынан комитетте салық төлеудің интеграцияланған мәліметтер базасы жасақталған. Сол жерде салықтың көлемі белгіленеді. Ол өткен жылдан бері базада есептелген ақпарат «Е-Salyq –Azamat» электрондық салық әмиянына жіберілетінін атап өтті.

Аталмыш қосымшаны мобильдік телефонға жүктеп алуға болады. Ол үшін салық төлеушінің телефон нөмірі тіркелген болуы тиіс. Қосымшаға ЖСН номірін теріп, тіркелген кезде көлік құралына қанша салық төлеуі керек екені сол жерде автоматты түрде шығып тұрады. Бұрыңғыдай салық органдарына барып, есептетудің қажеті жоқ, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, «Е-Salyq –Azamat» қосымшасында салықты сол жерде көрсетілген реквизиттер бойынша бірден төлеуге болады.

Бірер күннен кейін, яғни бірінші сәуірде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады. Салық төлеуші барлық азаматтарды төлемді уақытылы жасауға шақырымаз. Сондай-ақ бұл процесті жеңіл әрі жылдам жүзеге асыру үшін «Е-Salyq –Azamat» мобильдік қосымшасын пайдалануға кеңес береміз. Ондағы көрсетілген сомма өткен жылдың көлік құралының төлеуні тиіс салық мөлшері, -деді ол.

29 наурыз 2021 ж. 281 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 788

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031