» » ҰБТ электронды форматта өтеді

ҰБТ электронды форматта өтеді

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өтеді. Бұл туралы бүгін брифингіде білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова мәлімдеді.

“Биыл ҰБТ электронды форматта өтеді. 2004 жылдан бері ҰБТ қағаз форматында өткізіліп келген. Бастапқыда ҰБТ-ның екі функциясы болды: мектепті бітіруге байланысты қорытынды аттестациялау жұмыстары мен мектеп бітіргені жөнінде аттестат алу және ЖОО-ға түсу үшін мемлекеттік грантқа қатысу механизмі. Бүгінгі күні ЖОО-ға түсу үшін мемлекеттік грантқа қатысу механизмі қызметін атқарады. Цифрландыру процесі дамып жатқандықтан, биыл тестілеу электронды форматта өтеді. Оған 120 мыңнан астам түлек пен өзге тапсырушылар қатысады”, – деді Шолпан Қаринова.

Тағы бір өзгеріс, ҰБТ биылдан бастап бұрынғыдай он күн емес, үш ай бойы өтетін болады.
“ҰБТ сәуір, мамыр, маусым айларында өтеді. Бұл ҰБТ тапсырушылардың өздері үшін ыңғайлы. ҰБТ-ны қай жерде және қашан тапсыратынын түлектің өзі таңдайды. Түлек немесе ҰБТ-ға қатысушының тесті бұрынғыдай бір рет емес, екі рет тапсыруға құқығы болады. Екі тесттің үздігін ЖОО-ға түсуге ұйымдастырылатын мемлекеттік конкурсқа тапсыра алады”, – деді білім және ғылым жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Тағы бір өзгеріс бойынша, тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, ҰБТ аяқталған соң бірден қолжетімді болмақ. Қатысушы тест нәтижесімен келіспесе, апелляцияға 30 минут ішінде бере алады.

ҰБТ бір компьютер мен бір камера негізінде іске асырылады. Яғни атысушы бір компьютерге отырып тапсырады. Ақпараттық қауіпсіздік тестілеу шифрлері бар арнайы VPN арқылы іске асырылады. ҰБТ тапсырылатын пәндерде өзгеріс жоқ. Ол үш міндетті және екі бейіндік таңдау пәні. ҰБТ-ға төрт сағат беріледі. Бұл формат академиялық адалдық ережелеріне сай. Тест нұсқадары қатысушы авторизациядан өткен соң қалыптасады. Бұл тест нұсқалары қайталанбайды”, – дейді Әділет Тойбаев.
05 сәуір 2021 ж. 527 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031