» » COVID-19: Тағы бір өңір "қызыл" аймаққа өтті

COVID-19: Тағы бір өңір "қызыл" аймаққа өтті

7 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды облысы "қызыл" аймаққа енді.

Қазақстанда "қызыл" аймаққа жеткен өңірлердің қатары сегізге жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда "қызыл" аймақта 8 өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе және Қарағанды облыстары. "Сары" аймақта Шымкент қаласы орналасқан, ал қалған 8 өңір "жасыл" аймақта. Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2080 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
07 сәуір 2021 ж. 392 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 643

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31