» » Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері енді не істейді: Министр айтып берді

Лицензиясынан айырылған ЖОО студенттері енді не істейді: Министр айтып берді

студенттер

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов лицензиядан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Министрдің сөзінше, студенттердің гранттары сақталады және осыған дейін келісім шарт бойынша төленуі керек оқу ақысы төлене береді. 
"Лицензиясынан айырылған университеттерде 66 мыңнан астам адам оқыды. Бүгінде барлық студенттер басқа оқу мекемелеріне ауыстырылды. Грантта оқығандардың гранттары сақталды. Ақылы негізде оқығандардың да оқу құны сақталады. Тіпті басым бөлігінің оқу құны арзандады. Бірде-бір оқушы оқудан шеттетілгенжоқ", - деді Асхат Аймағамбетов.

Оқан қоса, Аймағамбетов тексеру кезінде білім министрлігі университеттерді жеке және мемлекеттік деп бөлмейтіндігін атап өтті. Өйткені ең маңызды міндет білім сапасын арттыру болып табылады.

"Біздің мақсатымыз ЖОО-ны жабу емес. Лицензиясынан айырылған универитеттердің қатарында мемлекеттік университеттер де бар. Біз жүйелі шаралар қолданып жатырмыз. Бұл сертификаттау мәселелері , академиялық еркіндікті кеңейту шаралары және басқалары. Оларды білім және ғылым министрлігі университеттермен бірге жүзеге асырады", - деді министр. 

08 сәуір 2021 ж. 199 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930