Суға түскен смартфонды кептіру әдісі
Суға түсіп кеткен не су кіріп кеткен смартфонды қалпына келтіруге болады. Бірақ ол үшін бәрін тиянақты жасау керек. Бұл жайлы TelecomDaily агенттігінің сарапшысы Илья Шатилин Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.
Сарапшының айтуынша, суға түсіп кеткен смартфонды жылдам кептіремін деп фенге жүгірудің қажеті жоқ.
Фенмен кептірудің кері әсері бар. Өйткені су буланудың орнына, гаджеттің ішіне қарай кіріп кетуі мүмкін. Оның үстіне, ыстық температураның әсерінен ішкі пластиктері зақымдалуы мүмкін, - деп түсіндірді Шатилин.
Оның айтуынша, су кіріп кеткен смартфонды кептірудің оңай әрі тиімді жолы – күрішке малу немесе силикагельге салу. Екеуі де тиімді.
Бірақ үйде алда-жалда силикагель таба қоюыңыз екіталай. Сондықтан смартфонды бір тәулік күрішке салып қойсаңыз, көмектесері анық, - дейді маман.
Сөз барысында сарапшы смартфонды сақтап қалудың ең дұрыс жолы – бұл, әрине, ұялы телефон сервисіне бару керегін де ескертті.